426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда жұртқа пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

  • 104
  • UPD: 16:36, 07.09.2020
Британияда жұртқа пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Британ полициясы Бирмингемде пышақпен адамдарға жасалған шабуылға қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы жігітті ұстады.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Бірақ полиция шабуылды лаңкестікке жатқызып отырған жоқ.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Бирмингем қаласының орталығында жергілікті уақытпен түнгі 1-лер шамасында белгісіз бір адам көшедегі жаяу жүргіншілерді пышақтап, 1 адамды өлтірді. Тағы 7 кісіні жарақаттады. Осыдан кейін қаскүнем оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Қазір шаһарда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Хабар 24 телеарнасы