426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төрт күн бойы құлаған еменнің астында қалған америкалық аман қалды

  • 119
  • UPD: 15:14, 07.09.2020
Төрт күн бойы құлаған еменнің астында қалған америкалық аман қалды

Америкада Редвуд-Фолс қаласының тұрғыны 100 сағаттан астам уақыт құлаған ағаштың астында жатқан, деп хабарлады West Central Tribune.

Үйінің жанындағы ағаштарды кесіп жүрген тұрғынды емен ағашы басып қалған. Өзімен бірге ұялы телефоны болмағандықтан, ол ешкімді көмекке шақыра алмаған.

Нәтижесінде ер адам төрт күн бойы қақпан астында қалды. Осы уақыт ішінде ол жаңбыр суын, өсімдіктерді, сондай-ақ жәндіктерді азық еткен.

Жұмысқа бармаған, жақындарының қоңырауына жауап бермеген Джонатан көптің алаңдаушылығын тудырды. Нәтижесінде бұрынғы әйелі оны тауып, құтқарушыларды шақырған. Ер адамды құтқару үшін екі сағат уақыт кетті. Қазіргі уақытта ол ауруханада емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы