426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада пандемия кезіндегі саяхатты жеңілдететін әдіс табылды

  • 145
  • UPD: 16:00, 07.09.2020
Еуропада пандемия кезіндегі саяхатты жеңілдететін әдіс табылды

Еурокомиссия коронавирустық пандемия жағдайында қауымдастық ішінде саяхаттауға бірыңғай шектеулер жүйесін енгізуді және сол арқылы туристер үшін қозғалыстарды жеңілдетуді ұсынды.

Бұл туралы Ресей туроператорлар қауымдастығының порталында хабарлады.

Атап айтқанда, әңгіме «бағдаршам» деп аталатын жүйені енгізу туралы болып отыр. Оған сәйкес еуропа елдері COVID-19 вирусымен сырқаттанушылық деңгейіне байланысты үш топқа бөлінеді: жасыл, қызғылт сары және қызыл.

Бұл ретте қандай да бір түсті кодқа жатқызу үшін мынадай өлшемдер ұсынылады: соңғы 14 күнде 100 мың адамға шаққанда жаңа жұқтыру жағдайларының жалпы саны (тиісінше 25-тен аз, 50-ден аз және 50-ден көп), өткізілген тестілеулердің ішіндегі оң сынақтар пайызы (3%-дан төмен және 3%-дан жоғары), сондай-ақ соңғы аптада 100 мың адамға арналған тестілеу саны.

Сонымен қатар картада 100 мың адамға 250-ден аз тест өткізілген немесе тест саны мен жаңа жағдайлар туралы жеткілікті ақпараты жоқ аумақты сұр түспен белгілеу жоспарлануда.

Ал жасыл және қызғылт сары аймақтардан келген саяхатшылар үшін ешқандай шектеулер болмайды. Қызыл және сұр түспен белгіленген елдерден келгендер екі апталық карантинге немесе COVID-19 сынағына қатысуға міндеттеледі.

19 тамызда Еуропада туристерге кірудің жаңа ережелері ұсынылғаны туралы хабарланды. ЕО штаб-пәтерінде шекараларды жабу және сапарларды шектеу қозғалыс пен туристік ағынды қалпына келтіруге кедергі келтіретінін атап өтті. Сондықтан шетелдік азаматтарды COVID-19-да екі рет тестілеу мүмкіндігі талқылануда.

Хабар 24 телеарнасы