Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Лос-Анджелесте термометр бағанасы 49 градусқа дейін көтерілген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл рекордтық көрсеткіш. Ыстықта шаһар тұрғындары өңірдегі жағажайларға ағыла бастады. Жергілікті билік аймақта жарықтың өшуі туралы ескерту жасап, тұрғындарды электр қуатын үнемдеуге шақырды. Метеоролог мамандары күн әлі де ысуы мүмкін деп болжап отыр.