426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда «Хайшен» дауылынан 300 әуе рейсі кейінге шегерілді

  • 144
Оңтүстік Кореяда «Хайшен» дауылынан 300 әуе рейсі кейінге шегерілді

Жапонияның оңтүстігін ойрандап өткен «Хайшен» дауылы Оңтүстік Кореяға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 107 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей желден 1 мың 600-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дауыл ағаштар мен электр бағаналарын құлатып, Ульсан қаласында 30 мыңнан астам, ал Пусанда 600-ге жуық үй жарықсыз қалған. Елде 300 әуе рейсі кейінге шегерілген. Кей қалада пойыз жүрісі уақытша тоқтатылды. Дауылмен бірге келген жаңбырдан елді мекендерді су басып жатыр. Билік кей жерлерде сел жүру қауіпі барын айтып, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы