420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

  • 115
  • UPD: 08:38, 08.09.2020
Суданда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды фото: EPA

Табиғат апатынан 100 мыңнан астам үй қирап, бүлініп, жүзге жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы ондаған кісі жапа шекті. Толассыз жауған жаңбырдан Ніл өзені 17 метрге дейін көтеріліп, жарты миллион адам баспанасын тастап қауіпсіз жерге көшкен. Билік «бұл Нілдің соңғы жүз жылда ең қатты тасуы» деп отыр. Елде мыңдаған таза су көздері ластанып, гуманитарлық дағдарыс қаупі төнген. Ал ауа райын болжаушылар жауын қыркүйектің аяғына дейін жалғасатынын ескертіп отыр.

Айта кетейік, Суданда жаңбырлы маусым жаздың басынан қазан айына дейін жалғасып, жыл сайын ел экономикасына көп шығын әкеледі. 

Хабар 24 телеарнасы