426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда той-томалақ тоқтамай тұр

  • 146
  • UPD: 08:48, 08.09.2020
Түркияда той-томалақ тоқтамай тұр

Түркияда той-томалақты өткізуге шектеу енгізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Қабылданған ережеге сәйкес, думан уақыты 1 сағаттың ішінде ас және ойын-сауықсыз өтуі тиіс. Бірақ кеше елдегі Парламент депутаты ұлына дүркіретіп, 1500 кісілік той жасады. Сәйкесінше, бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды.  Тұрғындар «шектеу шаралары тек қара халыққа ма?» деп сұраса, оппозиция өкілдері «коронавирус себепті ұлттық мерекелерге шектеу қойылды, қабылданған ереже Парламенттегілерге тиісті емес пе?» деп сынады. Ал, той иесі «Санитарлық ережелерге сай той жасадық, ұзақтан ат шаптырып келген қонақтар үшін ас бердік. Бізде дастархан жаймай жіберу ұят», деп жауап қайтарған.

Тамыз аяғынан бастап елде қауіпті індеттің жалыны қайта үдейді. Соңғы тәуліктің ішінде 97 мыңға жуық кісіге жасалған сынаманың нәтижесінде 1578 адамнан коронавирус анықталды. 53 науқас көз жұмып, елде COVID-19 белең алғалы өмірмен қош айтысқандар саны 6673 кісіні құрады. Осыған байланысты коронавирусқа қарсы күрес науқанына жекеменшік ауруханалар да жұмылдырылды. Жергілікті әкімшіліктің мәлімдеуінше, курорттық аймақтарда жағдай тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы