Үндістан астанасында індеттен 5 ай бойы тоқтап тұрған метро қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жерасты қоғамдық көлігі Нью-Делиден бөлек тағы 12 шаһарда іске қосылды. Барлық жерлерде сақтық шаралары күшейтілген. Адамдар вагондарға тек бетпердемен және температурасы тексеріліп барып жіберіледі. Станцияларда әр 4 сағат сайын зарарсыздандыру жұмысын жүргізу қарастырылған.
Айта кетейік, Үндістан әлемде коронавирусты жұқтырғандар бойынша екінші орында. Елде дертке шалдыққандар саны 4 миллион 200 мыңнан асқан. Бірақ билік осыған қарамастан экономиканы қайта қалпына келтіру үшін шектеу шараларын жеңілдетуге көшкен.