426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тель-Авивте коронавирус құрбандарын еске алу шарасы өтті

  • 140
  • UPD: 08:58, 08.09.2020
Тель-Авивте коронавирус құрбандарын еске алу шарасы өтті

Тель-Авив қаласы коронавирус құрбандарын еске алды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Шаһар орталығында 1 мыңнан астам бос орындыққа раушан гүлі қойылып, ақ-қара бау тағылды. Осылайша, израильдіктер індеттен көз жұмған 1019 азамтттың рухына тағзым етті. Шараны ұйымдастырушылар Биньямин Нетаньяху үкіметі халықты дерттен қорғау үшін барлық шараны қолға алмады деп отыр. Ал. Израильде соңғы уаққытта коронавирус күн сайын 3 мыңнан астам адамнан анықталуда. Билік елде шектеу шараларын күшейтіп, коменданттық сағат енгізген.

Дорон арух, қайырымдылық қорының өкілі:

- Біз бұл арқылы Израильдегі коронавирус індетіне қатысты ахуалға наразылығымызды білдіргіміз келеді. Мыңнан аса отандасымыз қайтыс болып, жүздеген адам жұмысынан айырылды. Елдің осындай жағдайға ұшырауының себептерін тексеретін тергеу комитетін құруға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы