420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алексей Навальныйдың жағдайы жақсара бастады

  • 107
  • UPD: 09:17, 08.09.2020
Алексей Навальныйдың жағдайы жақсара бастады фото: lenta.ru

Берлиндегі «Шарите» ауруханасында ес-түссіз жатқан ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың жағдайы жақсара бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оппозиционер адамдардың сөйлескенін сезе бастаған. Дәрігерлер Навальныйға қосылған өкпені жасанды желдеткіш аппаратын да тоқтатқан.

Еске сала кетейік, 20 тамыз күні Алексей Навальный Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда денсаулығы нашарлап, шұғыл түрде Омбы қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Саясаткердің туғандары оны Германияға емдеуге жіберуді сұрап, бір күннен кейін Берлиндегі «Шарите» ауруханасына жеткізілген еді. Бірнеше күннен кейін неміс дәрігерлері Навальныйдың уланығанын айтады. Ал 2 қыркүйекте саясаткерге «новичок» уы қолданылғанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы