429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезия жағалауында 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

  • 350
  • UPD: 09:25, 08.09.2020
Индонезия жағалауында 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді Reuters

Индонезия жағалауында орналасқан Банда теңізінде 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығы хабарлайды.

Жерасты дүмпулерінің орталығы Индонезияның Малуку провинциясының орталығы Амбон қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 223 шақырым жерде орналасқан.

Ошағы 180 шақырым тереңдікте болған.

Хабар 24 телеарнасы