420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Әлем келесі пандемияға дайын болуы керек

  • 157
  • UPD: 09:52, 08.09.2020
ДДСҰ: Әлем келесі пандемияға дайын болуы керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы уақыта жаңа ауру түрі өршігенде, әлем елдері пандемияға дайын болуы керек деген пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым басшысы ойда жоқта алқымнан алған коронавирус індеті жер жаһанды есеңгіретіп жібергенін айтады. «Бұл – мемлекетердің жылдар бойы қоғамдық денсаулық сақтау саласына бейжай қарағанының нәтижесі», деп отыр. Сонымен қатар бұған дейін қызылша, полиомиелит, безгек, эбола сынды аурулары өршіген өңірлердің коронавирус пандемиясына дайындығы өзге елдерге қарағанда жоғары болғаны байқалды.

Тедрос Адханом гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

Әлем елдері түсінуі тиіс. Бұл соңғы пандемия емес. Эпидемия өміріміздің құрамдас бір бөлігіне айналды. Дәл қазір кез келген мемлекет денсаулық сақтау саласына мейлінше мән беріп, керек десеңіз, инвестиция салу саласына айналдыруы тиіс. «Өз елін ғана емес, тұтас әлемді құтқаруға қаржы құйып жатырмыз» деп түйсінгені дұрыс. Сонда ғана нәтиже шығады. Қауіпті індетті түпкілікті жеңу тек екі-үш елдің қолынан келетін шаруа емес, дүниежүзі тегіс үн қосса ғана еңсеріледі.

Хабар 24 телеарнасы