420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Интерпол: Пандемия кезінде балаларға жыныстық зорлық жасау жиілеп кетті

  • 128
  • UPD: 10:34, 08.09.2020
Интерпол: Пандемия кезінде балаларға жыныстық зорлық жасау жиілеп кетті cheb-life.ru

Коронавирустық пандемия аясында әлемдегі балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жағдайы нашарлады, деп хабарлайды РИА Новости Интерполдың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Кейбір құқық бұзушылар туралы хабарламалар ешқашан болмауы мүмкін деген қорқыныш бар», — делінген ұйымның баспасөз хабарламасында.

Зорлық-зомбылық жағдайының нашарлауына мектептердің жабылуы ықпал етеді. Балалар желіде көбірек уақыт өткізе бастады. Онда олардың қауіпсіздігіне қаскүнемдер жиі қауіп төндіреді.

Интерпол пандемия кезінде интернеттің «қараңғы» бөлігінде кәмелетке толмағандарды жыныстық қанауға арналған топтарда талқылаулар күшейгенін түсіндірді. Соттар өз кезегінде мұндай істерді баяу қарайды.

Хабар 24 телеарнасы