420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дональд Трамп: Коронавирусқа қарсы вакцина қазан айында шығуы мүмкін

  • 149
  • UPD: 09:57, 08.09.2020
Дональд Трамп: Коронавирусқа қарсы вакцина қазан айында шығуы мүмкін

АҚШ-та коронавирус індетіне қарсы вакцина қазан айында шығуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында Дональд Трамп ел ғалымдарының жетістігі туралы сүйсіне баяндады. «Әдетте қандай да бір препаратқа 2-3 жылын сарп ететін ғалымдар енді жедел қимылдады», - дейді Трамп.

«АҚШ президентінің басшылығымен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары рекордтық қысқа уақытта өз нәтижесін бере бастады», - дейді дерек көздері. Трамптың өзі екпенің сапасына да еш күмән келтірмеді.

Естеріңізге салайық, жуырда саясаткер америкалық вакцина сынақтың соңғы кезеңінде екенін жариялаған болатын. Жалпы бұған дейін Құрама штаттары вакцина әзірлеуде қолға алған бірнеше жобаны 12 млрд долларға қаржыландырып отырғанын хабарлаған еді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Коронавирусқа вакцина қазан айында шығуы мүмкін. Бұрын жылдар бойғы ізденістен туатын дәрмек өте жылдам дайындалды. Жұмыс барысын жеке бақылауыма алдым. Себебі жағдай соны талап етті. Біз адамзат баласын қуанта алатын вакцина жасадық деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы