420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда вирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асып кетті

  • 97
  • UPD: 10:14, 08.09.2020
Испанияда вирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асып кетті

Кейінгі тәулікте елде 2000 адам індетке шалдықты, деп хабарлайды Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі.

Ал, эпидемия басталғалы бері 30 мың адам вирустан көз жұмған. Билік жағдайдың ушығуын мектептердің ашылуымен байланыстырып отыр. Қазір көптеген ата-ана балаларының денсаулығына алаңдаулы. Дей тұрғанмен, үкімет қауіпті сейілту үшін бірқатар шара қабылдады: қолды жиі жуу, мұғалімдер мен 6 жасқа толған балалар үшін маска тағуды міндеттеді.

Фернандо Симон, Денсаулық сақтау саласындағы үйлестіру мен тж орталығының  директоры:

- Мектептер ашылып жатыр. Кейбірі қазірден жұмыс істеп жатса, енді бірі келер апта ашылады. Біз бұл эпидахуалға қаншалықты әсер ететін бақылауға аламыз. Бәріне дайын болуымыз керек. Дегенмен, вирус өршімей, керісінше, жағдай тұрақты болады деген үміттеміз.

Хорватияда да жаңа оқу жылы басталды. Мұнда да COVID-дің белең алуына қарамастан жоғары оқу орындары мен мектептер есігін айқара ашты. Алайда, оқу процесі бұрынғыдай өтпейтіні түсінікті. Сабақтардың дені онлайн және оффлайн форматта өтеді.

Айта кету керек, мектептердің 80%-і дәстүрлі оқу түрін таңдаған. Ол жерлерде әлеуметтік арақашықтықты ұстану мен  маска тағу режимінің сақталуы бақылауда болады.

Майя Милек, ағылшын пәнінің мұғалімі:

- Мектепте оралғанымызға қуаныштымыз, әрине. Бұрынғыша сабақтың көпшілігін осы жерде өткіземіз деген ойдамыз. Солай болғанын қалаймыз да. Ешкім алда не боларын білмейді. Бірақ біз кез келген жағдайға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы