420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та полиция өкілдерінің озбырлығына қарсы бейбіт шеру өтті

  • 94
  • UPD: 11:33, 08.09.2020
АҚШ-та полиция өкілдерінің озбырлығына қарсы бейбіт шеру өтті

Көшеге жалаңаш шыққан жұрт Рочестер қаласының орталығында жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басына қап киген наразылар тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапқан қара нәсілді Дэниел Прудтың өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етті.

Естеріңізге салайық, тәртіп сақшылары марқұмды ұстаған кезде басына қап кигізіп, кейін жерге құлатып, екі минут уақыт бойы мойнын басып тұрған. Афроамерикалық тұншығып қаза тапты. Оқиғадан кейін елдің бірнеше өңірінде наразылық акциялар қайта жандана бастады.

Хабар 24 телеарнасы