424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенегалда су тасқыны салдарынан алты адам мерт болды

  • 126
  • UPD: 11:38, 08.09.2020
Сенегалда су тасқыны салдарынан алты адам мерт болды

Сенегал су тасқынынан зардап шегуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір апаттан мыңдаған адам жарықсыз отыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта ойран салған дауыл жауын-шашынға ұласқан. Табиғаттың тосын мінезінен 6 адам мерт болды. Мамандар кей аудандарда бір күннің ішінде бір жылдық норма жауын түскенін айтады. Қазір Дакар қаласында су деңгейі белуарға дейін келеді. Құтқарушылар төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Жергілікті билік қауіпті аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Синоптиктердің болжамы болса көңіл көншітпейді. Айтуынша, осы аптада нөсер тағы қайталанатын болады.

Хабар 24 телеарнасы