420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда жануарларды аяусыз өлтірген қылмыскер қамауға алынды

  • 122
Францияда жануарларды аяусыз өлтірген қылмыскер қамауға алынды

Дүйсенбі күні Францияның Дижон қаласындағы полиция жылқыларды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ер адамды қамауға алды.

BBC News мәліметі бойынша қылмыскердің фотороботын жасауға елдің шығысында орналасқан Йоннадағы ат қораның иесі көмектескен. Іздестіру жұмыстары сол фоторобот бойынша жүзеге асты. Ол екі шабуылшының біреуінің әлпетін байқап қалады, алайда өзі жануарларын қорғап қалу үшін тойтарыс бергенде жарақат алады. Шабуыл ақпан айында басталған.

Қылмыскерлердің (немесе тіпті қылмыстық ұйымның) шабуылдау себебі беймәлім. Полиция қылмыскерлердің жануарлар мүшесін діни рәсімдер үшін қолданатын мақсаттары бар екенін топшылайды.

Полиция тамыз айында елдегі әртүрлі өңірде белгісіз адамдардың тұяқтылармен аяусыз күрескені туралы хабарлаған болатын. Қылмыскерлер құрбан болған жануарлардың қанын сорып алып, жылқылардың құлағын, жыныс мүшелерін және көзін кесіп алған.

Хабар 24 телеарнасы