426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда коронавирустан бір тәулікте 1100-ден астам адам қайтыс болды

  • 144
Үндістанда коронавирустан бір тәулікте 1100-ден астам адам қайтыс болды

Үндістанда өткен тәулікте COVID-19 коронавирустық инфекциясының салдарынан 1133 адам қайтыс болды.

Елдегі COVID-19 құрбандарының жалпы саны 72 775-ке жетті.

Сондай-ақ 24 сағат ішінде елде коронавирустың 75 809 жаңа жағдайы анықталды. Нәтижесінде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 4 280 422-ге дейін өсті.

Қазіргі уақытта Үндістанда 3,3 млн-нан астам адам коронавирустан жазылып шықты.

Хабар 24 телеарнасы