426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда шахта құлап, 12 адам қаза тапты

  • 113
  • UPD: 14:38, 08.09.2020
Пәкістанда шахта құлап, 12 адам қаза тапты фото: pixabay.com

Пәкістанның солтүстік-батысында мрамор өндіретін шахта құлап, кем дегенде 12 адам қаза тапты.

Тағы 6 алты адам түрлі жарақаттар алса, бірнеше жұмысшы әлі үйінділер астында жатыр.

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Мохманд округінде болды. Оқиға орнына құтқарушылар барып, 12 жұмысшының денесін және зардап шеккен 6 адамды алып шықты. Қазір олар ауруханаға жеткізілді. Тағы 9 шахтер із-түзсіз жоғалып кетті, оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Жергілікті полиция комиссарының айтуынша, қаза болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Осыған байланысты іздестіру операциясына арнайы техника мен құтқарушылардың қосымша отрядын жұмылдыру жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы