420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада 10 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болды

  • 86
  • UPD: 14:42, 08.09.2020
Аргентинада 10 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болды

Ел билігі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде 5 ай бойы жалғасып келе жатқан қатаң карантин вирустың таралуына тосқауыл бола алмаған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүгінде вирус жұқтырғандар саны 488 мың адамға жетті.

Айта кетейік, ел экономикасы эпидемияға дейін де шатқаяқтап тұрған еді. Карантин жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді. Ірілі-ұсақты 42 мың кәсіпорын жабылып, мыңдаған тұрғын табыс көзінен айрылды.

Хабар 24 телеарнасы