424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбия астанасында кәсіподақ ұйымдарының ереуілі өтті

  • 142
  • UPD: 15:14, 08.09.2020
Колумбия астанасында кәсіподақ ұйымдарының ереуілі өтті

Колумбия астанасы Богота қаласында наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіподақ мүшелері ұйымдастырған ереуілге жүздеген адам қатысты.

Жиналғандар өз көліктерімен шаһар көшелерімен өтіп, жергілікті билікке қарсы ұрандатты. Наразылар ел президентінің экономикалық және әлеуметтік саясатына көңілдері толмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұл кәсіподақ мүшелерінің карантин басталғалы ұйымдастырылған алғашқы ереуілі. Осы жолы шара тыныш өтті. Қатысушылардың айтуынша, осы айдың соңында тағы бір наразылық акция жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы