426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония Токио Олимпиадасына қатысты мәлімдеме жасады

  • 181
  • UPD: 16:35, 08.09.2020
Жапония Токио Олимпиадасына қатысты мәлімдеме жасады

Токио әлемді дүрліктерген індетке қарамастан Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізуге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапонияның Олимпиада және Паралимпиада істері бойынша министрі Сэйко Хасимото осындай мәлімдеме жасады.

«Олимпиадаға ұйымдастырушылар да, спортшылар да қызу дайындалды. Біз бұл іс-шараны қайткен күнде де өткізуге тиіспіз. Санитария талаптарының сақталуы қатаң бақылауда болады», - деді ол өз сөзінде.

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс те осылай деген. «Олимпиада коронавирус бар болса да өтеді. Ол 2021 жылы 23 шілдеде басталады. Бұл COVID-19-ды жеңген ойын болмақ», – дегенді алға тартқан Коутс.

Айта кетейік, төрт жылдық басты спорттық дода Токиода биылғы жазда өтуі тиіс еді. Алайда коронавирус бұл жоспарға кедергі жасады.

 

Хабар 24 телеарнасы