420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік-шығыс Азия елдері жаһандық сын-қатерлерге ортақ шешім табу жайын талқылады

  • 93
  • UPD: 15:19, 08.09.2020
Оңтүстік-шығыс Азия елдері жаһандық сын-қатерлерге ортақ шешім табу жайын талқылады

Оңтүстік-шығыс Азия қауымдастығы елдерінің Парламент өкілдері экономикалық байланыстарды қалыпқа келтіру, көлік-логистикалық бағыттардың қауіпсіздігін қамту, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлерге ортақ шешім табу мәселесін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вьетнам астанасы Ханой қаласында ұйымдастырылған ауқымды форум бейнеконференция режимінде өткен. Оған еліміздің Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де қатысты. Пленарлық отырыста сөз сөйлеген спикер Қазақстан басшылығының аймақ елдерімен ынтымақтастыққа ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ арқылы Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясымен өзара іс-әрекетті дамыту – маңызды мақсат. Демек, осы форматтағы экономикалық байланыстарды нығайту континент елдерінің экономикаларының өсуіне және азаматтардың әл-ауқатының артуына серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы