426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік актер Михаил Ефремов 8 жылға бас бостандығынан айырылды

  • 152
  • UPD: 16:19, 08.09.2020
Ресейлік актер Михаил Ефремов 8 жылға бас бостандығынан айырылды РБК

Мәскеудің Пресня аудандық сотында ресейлік актер Михаил Ефремовке үкім шықты.

Ефремовтің қатысуымен Мәскеудің Садовое кольцо деген айналма көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан өзге көліктегі жүргізуші көз жұмған болатын. Осы істе сот актерді кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

«Жалпы режимде 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді судья Елена Абрамова.

Бұған дейін ол үйқамақта отырған еді. Енді оны сот залынан алып кетеді.

Прокурор әртіске ең қатаң жаза, яғни 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрап еді. Ал қорғаушы тарап актердің отбасы мүшелері мен оның жетістіктерін ескеріп, түрмеге қамамауды өтінген.

Хабар 24 телеарнасы