421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бали аралында коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артты

  • 116
  • UPD: 18:01, 08.09.2020
Бали аралында коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артты

Индонезияның Бали аралында соңғы аптада коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өсті.

Курорттық аймақта дерт күн сайын 200-ге жуық адамнан анықталуда. Соңғы 1 жарым айда Балиде науқастардың жалпы саны 6 мыңнан асқан. Бұған биліктің жергілікті экономиканы қалпына келтіру үшін шілде айының соңында ішкі туризмді ашуы себеп болған. Осыған байлансты кей сарапшылар вирус ең көп таралған аймақтардан саяхатшыларды қабылдауды тоқтатуды сұрап отыр. Жергілікті үкімет бұған дейін шетелдік туристерді биылғы жылдың соңына дейін қабылдамау туралы шешім шығарған.

Дева Маде Индра, Бали провинциясының хатшысы:

- Аралда ішкі туризм ашылғаннан бері адамдардың еркін жүріп тұруына рұқсат етілген. Азаматтар шектеулер жеңілдетілді деп бетперде тағу әлеуметтік арақашықтықты сақтау сынды шараларға немқұрайды қарай бастады. Сондықтан әкімшілік шараларды күшейту керек.

Хабар 24 телеарнасы