420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания АҚШ берген вакцинаны сынақтан өткізеді

  • 121
  • UPD: 18:02, 08.09.2020
Испания АҚШ берген вакцинаны сынақтан өткізеді

Мадридтегі Ла Пас университетінің ауруханасы америкалық «Джонсон энд Джонсон» компаниясының коронавируске қарсы вакцинасын сынауға дайындалып жатыр.

Шара келесі аптада басталады. Оған 18 бен 65 жас аралығындағы 550 адам қатыспақ. Сарапшылар тәжірибе жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретінін айтып отыр. Бірақ вакцина толық дайындалып біткенше көп уақыт кететінін ескертеді.

Айта кетейік, қазір әлемнің түрлі зертханасында «ковид-19»-ға қарсы 140-қа жуық вакцина дайындалып жатыр. Олардың 30-ы клиникалық сынаққа көшкен. Яғни адамдарға сынала бастады.

Сандра Галина, Еуропалық комиссия Бас директорының орынбасары:

- Вакцинаның бағасына келетін болсақ, оның құны 5-15 еуро көлемінде болу керек деп ойлаймын. Егер екпе бұдан қымбат болса қарапайым халыққа қолжетімді болмай қалады.

Хабар 24 телеарнасы