421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда жыл басынан бері 881 мың гектар жер өртенген

  • 109
  • UPD: 17:21, 08.09.2020
Калифорнияда жыл басынан бері 881 мың гектар жер өртенген

АҚШ-тың Калифорния штатында жыл басынан бері болған дала өрттерінің жалпы ауданы 881 мың гектардан асты.

Бұл туралы жергілікті өрт сөндіру бөлімі хабарлады.

Аталған көрсеткіш штат тарихындағы рекордтық жағдай болып тіркелді.

Бұған дейінгі антирекорд екі жыл бұрын орнаған еді, ол кезде өрт 793 мың гектардан астам аумақты қамтыды.

Штатта тіркелген өрттің жалпы саны 7563-ті құрайды. Қазірдің өзінде өрт салдарынан төрт мыңға жуық үй мен ғимарат қираған. Сегіз адам тілсіз жаудың құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы