426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда шахтаның құлауынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті

  • 112
  • UPD: 17:35, 08.09.2020
Пәкістанда шахтаның құлауынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті

Пәкістанның солтүстік-батысында мәрмәр өңдейтін шахтаның құлауынан кем дегенде 19 адам қаза тапты.

Сондай-ақ бірнеше жұмысшы үйінділер астында қалып қойды, деп жазды Geo.tv.

Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мохманд ауданында болған.

Бастапқыда 12 адамның қайтыс болып, 6 адамның зардап шеккені туралы белгілі болған. Содан кейін құтқарушылар тағы жеті адамның мәйітін тапты.

Қайғылы оқиғаға дейін шахталарда 40-50 адам болған.

Хабар 24 телеарнасы