420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда бір тәулікте екі рет жер сілкінді

  • 115
  • UPD: 23:56, 08.09.2020
Түркияда бір тәулікте екі рет жер сілкінді

Түркияда бір күнде екі рет жер сілкінді.

Алғашқы табиғи апат күші 4,7 балл болған. Жер сілкінісінің ошағы Адыяман қаласынан 17 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте тіркелді.

Ал екінші жер сілкінісінің күші 4,2 балл болды. Табиғи апат ошағы Адыяман қаласынан 13 шақырым жерден өтіп, кіндігі 3 шақырым тереңдікте тіркелді.

Қос сейсмологиялық оқиға бойынша қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

earthquaketrack.com

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы