420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясында журналист Хашоггиді өлтіргендерге үкім шығарылды

  • 123
  • UPD: 08:38, 09.09.2020
Сауд Арабиясында журналист Хашоггиді өлтіргендерге үкім шығарылды

Сауд Арабиясында журналист Джамаль Хашоггиді өлтірген адамдарға үкім шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Алайда соттың өзі көрсетілген жоқ. 8 қылмыскердің бесеуі жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылса, қалған үшеуі 7-ден 10-жылға дейін сотталған. Бірақ өлімге тапсырыс берген тұлға белгісіз күйінде қалды.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 2 қазан күні Джамаль Хашогги Түрикяға барған соң із-түзсіз жоғалып кетеді. Соңғы рет оны Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы консулдығына кіргенін көреді. Тергеу басталып, полиция журналисті Сауд Арабиясы құпия қызмет өкілдері өлтіргенін айтады. Бастапқыда айыптардан бас тартқан Эр-Рияд үш аптадан кейін Хашоггиге консулдықта қастандық жасалғанын мәлімдейді.

Хабар 24 телеарнасы