431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


New Diamond мұнай танкері қайта өртенді

  • 146
  • UPD: 08:35, 09.09.2020
New Diamond мұнай танкері қайта өртенді

Шри-Ланканың шығыс жағалауында теңізде тұрған New Diamond мұнай танкері қайта өртке оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы кемеде өрт қатты желмен толқыннан туындаған. Жергілікті Экологияны бақылау агенттігі апат аймағын жіті қадағалап отырғанын айтады. Еске сала кетейік, New Diamond танкері алғаш рет өткен бейсенбі күні өртенген. Ол кезде от танкердің машина бөлімінде шыққан еді. Танкер Кувейттен Үндістанның Парадип портына 2 миллион тонна мұнай апара жатқан. Апаттан 22 экипаж мүшесінің біреуі қаза тауып, тағы бір теңізші жарақат алды. Өртті Үндістан мен Ресей әскери теңіз күштері бірлесіп сөндірген.

Хабар 24 телеарнасы