420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда оқу орындары екі аптаға кеш ашылады

  • 71
  • UPD: 09:34, 09.09.2020
Грузияда оқу орындары екі аптаға кеш ашылады

Аджария өңірінде оқу орындары екі апта кейін ашылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел тұрғындарының көбісі жергілікті шипажайларда демалғандықтан, теңіз жағасындағы елді мекендерде коронавирусты жұқтыру күрт жиілеп кетті. Соңғы бір тәулікте Грузияда бұл дертті жұқтырған 45 адам анықталды. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Осыған дейін бір күнде анықталған науқастардың саны отыз сегізден аспайтын. Осыған байланысты үкімет кейбір қауіпсіздік шараларын енгізуді ұйғарды. Ең алдымен бұл оқушылар мен студенттерге қатысты болып отыр.  

Георгий Гахария, Грузия премьер-министрі:

– Тұрғындарымыздың көбі жергілікті шипажайларда демалғандықтан, коронавирусты жұқтыру дерегі өседі деп күттік және оған дайын болдық. Ең бастысы, жағдайды бақылауға болады. Алайда оқу жылы басталғанда, халықтың жүріп-тұруы артатынын ескере, кей шараларды қабылдадық. Батуми және Кобулети елді мекендерінде оқу орындары тек 1 қазанда ашылады. Алғашқы екі аптасында қашықтан оқыту ұйымдастырылады. Ал қазанның бірінен бастап оқушылар мен студенттер дәстүрлі оқуға көшеді.

Хабар 24 телеарнасы