420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перудегі Сан-Хуан Батиста университеті бір өркешті түйелерді асырауды қолға алды

  • 121
Перудегі Сан-Хуан Батиста университеті бір өркешті түйелерді асырауды қолға алды

Перуде Сан-Хуан Батиста университеті бір өркешті түйелерді асырап, көбейтуді қолға алған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақында түйенің бірі боталады. Жас төлге Хуанито деген ат берілді. Ол Уакачина алқабында дүниеге келген. Жалпы Перуде бір өркешті түйелерді өсіру жобасы бірнеше жыл бұрын қолға алынған. Осы мақсатта Сахара шөлі мен Арабия түбегінен бір топ түйелер жеткізілді. Мамандар бұл жануардың жергілікті табиғатқа тез бейімделіп кеткенін айтады.

Хосе Луис Элиас, Сан-Хуан Батиста университетінің ғылыми қызметкері:

– Жануарларды бір құрлықтан екінші құрлыққа қоныстандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мына түйелерді алғаш алып келгенде жерсінуі қиын болатын шығар деп ойлаған едік. Бірақ олар келесі күн-ақ өздерін Марокконың шөл даласында жүргендей сезінді. Оларды асырап көбейтуге болатынын түсіндік.

Хабар 24 телеарнасы