420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде жаңа пандемия пайда болуы мүмкін

  • 133
  • UPD: 09:41, 09.09.2020
Әлемде жаңа пандемия пайда болуы мүмкін

Миллиондаған адам сау тағамға қол жетімділігін жоғалтуда.

Бұл бүкіл әлемде семіздік проблемасының шиеленісуіне және жаңа жаһандық пандемияға әкеліп соғуы мүмкін, деп хабарлайды Bloomberg.

БҰҰ болжамдары бойынша осы жылдың соңына қарай 130 млн-нан астам адам аштыққа тап болады. Бірақ дамыған елдерде семіздік әлдеқайда үлкен қауіп төндіріп отыр.

Коронавирустық пандемия кезінде бүкіл әлемдегі халық кірісінен айырылды. Сондықтан олар зиянды өнімдерді, атап айтқанда, фаст-фудты таңдап, тамақ үнемдеуге мәжбүр болды.

Қазірдің өзінде артық салмағы бар адамдар саны аштықтан зардап шеккендерден қарағанда бірнеше есе көп. Бұл әсіресе дамыған елдерде байқалады. Қазіргі уақытта британдықтардың үштен екісі артық салмақпен немесе семіздікпен ауырады. Нәтижесінде елдегі әрбір жетінші өлім дұрыс емес тамақтанудан туындайды. Сондықтан медицинаға жұмсалатын шығындар үнемі өсіп келеді.

Артық салмағы бар адамдар қант диабетіне, жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық ауруларға бейім.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның есептеуінше, бүкіл әлем бойынша 3 млрд адам дұрыс тамақтана алмайды. Бұл артық салмақтың пайда болуына итермелейді. Аталған проблема өз кезегінде жаңа пандемияға ұқсас.

Егер шаралар қолданылмаса, әлемде келесі онжылдықта артық салмақ пен оның залалынан туған ауруларға жұмсалатын шығын жылына 1,3 трлн долларға өседі.

Хабар 24 телеарнасы