424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


G7 Ресейден Навальныйға қатысты кінәліні табуды талап етіп отыр

  • 139
  • UPD: 09:57, 09.09.2020
G7 Ресейден Навальныйға қатысты кінәліні табуды талап етіп отыр

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және G7-ге мүше өзге де елдердің сыртқы істер министрлері Алексей Навальныйға у берілгеніне күмән келтірмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Германия дәрігерлері ұсынған зерттеу жұмыстарының нәтижесімен танысқан батыс дипломаттары Навальный «Новичок» құрбаны екенімен келіседі. Енді Үлкен жетіліктің өкілдері Ресей тарапын іске қатысты кінәліні тауып, оны жазаға тартуын талап етіп отыр.

Айта кетейік, қыркүйектің 7-сі Берлин қаласындағы Шарите клиникасының дәрігерлері Навальныйдың ес жия бастағаны жайлы хабарлады. Ал Омбы облысының бас токсикологы Александр Сабаев неміс әріптестерінің қойған диагнозы құжат жүзінде де, клиникалық зерттеу жүзінде де дәлелденбеген «фантастикалық болжам» деп атады. Оның айтуынша, оппозиционер зат алмасу процесінің бұзылуынан комаға түскен. 

Александр Сабаев, Омбы облысының бас токсикологы:

– Бұл «Новичок» емес. Ол мүлдем уланған жоқ. Бұл ауру түрі – метаболиттік синдром, зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын метаболиттік кома. Ауру өте тез асқынған.

Хабар 24 телеарнасы