426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илон Маск бір күнде $16,5 млрд жоғалтты

  • 138
  • UPD: 10:47, 09.09.2020
Илон Маск бір күнде $16,5 млрд жоғалтты LIGA.net

SpaceX ғарыштық компаниясының негізін қалаушы әрі Tesla-ның бас директоры Илон Маск ең бай адамдардың рейтингінде сегізінші орынға түсіп қалды.

Forbes мәліметі бойынша, Маск бір күнде $16,5 млрд жоғалтты.

Tesla электромобильдерінің акциясы бірден құнын жоғалтып, 19,68%-ке дейін құлады. Бұл дегеніңіз – акция бағасы $335,99-ды құрады деген сөз. Бұған компанияның S&P 500 көгілдір фишкаларының индексіне ене алмауы себеп.

5 қыркүйекте S&P Dow Jones Indices комитеті Tesla акцияларын ешбір себепсіз индекске қосудан бас тартқан.

Бұған дейін сарапшылар Tesla-ны инвесторлар үшін қауіпті компания деп атағанын хабарлағанбыз. Себебі акциялар құны тым қымбат болғандықтан, салынған инвестиция өтелмей қалуы мүмкін екендігін алға тартқан. 

Хабар 24 телеарнасы