426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда үш апта бойы COVID-19 дерегі тіркелмеген

  • 128
Қытайда үш апта бойы COVID-19 дерегі тіркелмеген

Қауіпті вирус Уханьнан тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлем қазір сол елге үреймен қарауға үйренді. Екінші толқынға қатысты ойларға қазық болатын көрсеткіштерді де сол жақтан тосады. Әзірше дабыл қағылған жоқ. Тіпті Қытай төрағасы Си Цзиньпин Жунгоның коронавирус індетін жеңгені жайлы хабарлады. Елде үш апта бойы бірде бір адамның COVID-19-ға шалдықпағаны айтылды. Тек соңғы күндері кей өңірде бірең-сараң ғана науқас тіркелген. Аспан асты елінің бұл жетістігіне Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы да жоғары баға берді. Ұйым басшысының көмекшісінің хабарлауынша, Қытайдың коронавируспен күресте халықаралық ұйымдармен әрдайым тығыз байланыста болып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына аймақтағы ахуал жайында дер кезінде хабар беріп отырған.

Хабар 24 телеарнасы