420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда COVID-19 қарсы вакцинадан жанама әсер пайда болған

  • 114
  • UPD: 14:54, 09.09.2020
Ұлыбританияда COVID-19 қарсы вакцинадан жанама әсер пайда болған

Үкіметтің айтып отырған үш вакцинасының бірі ұлыбританиялық-швециялық Астразенеканың зертханалық жұмысы тоқтап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған препараттан жанама әсердің пайда болуы себеп болды. Бұл туралы «The Telegraph» басылымы хабарлады. Белгілі болғандай, зерттеу жұмыстары кезінде бір ерікті ауырып қалған. Оның денсаулығының нашарлауына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ал дәріні шығарған «Астразенека» фармацевтикалық компания зерттеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Айта кетейік, аталмыш компания жаңа препаратты Оксфорд университетінің ғалымдарымен бірлесе өндіруде. Тамыз айында мамандар зерттеудің үшінші фазасына көшкен болатын.

Хабар 24 телеарнасы