426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехияда жолаушылар пойызы техникалық құраммен соқтығысты

  • 112
  • UPD: 14:13, 09.09.2020
Чехияда жолаушылар пойызы техникалық құраммен соқтығысты Policie ČR

Оқиға салдарынан 13 адам зардап шекті.

Сәрсенбі күні Кдинеде (Чехияның оңтүстік-батысы) жергілікті қатынастағы жолаушылар пойызы теміржолды жөндеу және диагностикалау үшін пайдаланылатын техникалық құраммен соқтығысты. Бұл туралы журналистерге Чехия өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың біріккен корпусының өкілі Петер Понцар хабарлады.

«Орталық Еуропа уақыты бойынша сағат 07:15-те Кдине вокзалында болған жолаушылар мен техникалық пойыздардың соқтығысуы кезінде кем дегенде 13 адам жарақат алды», – деді ол. Олардың біреуі қатты зардап шеккен.

Төтенше жағдайдың себептерін арнайы құрылған сарапшылар комиссиясы тексереді. Бір нұсқаға сәйкес соқтығысуға кінәлі – жолаушылар пойызының жүргізушісі. Ол вокзал жолдарына кіреберісте тұрған техникалық құрамды байқамады. Ал кейбірі теміржолдың осы учаскесінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчердің кінәсін алға тартады.

Хабар 24 телеарнасы