428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстан вице-президентіне жасалған шабуылда 10 адам қаза тапты

  • 141
  • UPD: 18:25, 09.09.2020
Ауғанстан вице-президентіне жасалған шабуылда 10 адам қаза тапты

Ауғанстанда вице-президентке шабуыл кезінде 10 адам қаза тауып, тағы оннан астам кісі жарақат алды.

Амрулла Салехтің өзі дін аман. Лаңкестік шабуыл бүгін таңертең Кабулда болды.

Куәгерлердің айтуынша, шаһардың орталығындағы көшенің бірінде вице-президент мінген көлік керуені өтіп бара жатқанда жарылыс болған. Шабуылды кімдер ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.

Сарапшылар: «Лаңкестік Саллехтің соңғы саяси әрекетімен байланысты болуы мүмкін», – дейді. Ол бірнеше күн бұрын Пәкістанмен арадағы белгіленбеген шекара мәселесін көтерген екен.

Хабар 24 телеарнасы