420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекиядағы мигранттар лагерінде өрт шықты

  • 54
  • UPD: 18:43, 09.09.2020
Грекиядағы мигранттар лагерінде өрт шықты

Грекияның Лесбос аралындағы мигранттар мекендеген лагерьде өрт шықты.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 9 өрт сөндіру бригадасы мен 28 маман жұмылдырылды. Апаттан лагердегі мыңдаған босқынды эвакуациялауға тура келді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ондағы 3 мың орында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан шыққан 13 мың босқын тұрады. Оқиғадан зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы