426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандық дәрігерлер: Коронавирусты емдеуде плазма терапиясы тиімсіз

  • 134
  • UPD: 18:20, 09.09.2020
Үндістандық дәрігерлер: Коронавирусты емдеуде плазма терапиясы тиімсіз

Үнді дәрігерлері науқастарды коронавируспен ауырып, жазылған азаматтардың қан плазмасымен емдеудің тиімділігі аз деп мәлімдеді.

Себебі, осы әдіспен емдеу тәжірибесі өлім көрсеткішін азайта алмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сынақ Үндістанның 39 мемлекеттік және жекеменшік ауруханаларында сәуір айынан шілде айының ортасына дейін жүргізілген. 464 адам зерттелген. Алайда, плазма терапиясын қолдану аса ауыр халде жатқан науқастардың жағдайын жақсарта алмаған.

Айта кетейік, Үндістан қазір әлемде коронавирусты жұқтырғандар бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Бұл елде вирусты жұқтырғандар саны 4 миллион 300 мыңға жақындаған.

Хабар 24 телеарнасы