424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ басшылығы Лондонды ымыраға келуге шақырды

  • 132
  • UPD: 08:52, 10.09.2020
Еуроодақ басшылығы Лондонды ымыраға келуге шақырды

Еуропа парламенті Брекзиттен кейін Еуроодақ пен Ұлыбритания арасындағы келіссөздердің сегізінші кезеңінің өтуіне өз алаңдаушылығын білдірді.

Болашақтағы екіжақты сауданың барлық шарттары бойынша келісімге жету үшін бір айдай уақыт қалды. Еуроодақ басшылығы ресми түрде Лондонды ымыраға келуге шақырып отыр. Тараптар арасында түйіні тарқамаған бірқатар мәселе бар. Олар: балық аулауды реттеуге байланысты сауалдар және Ұлыбритания құрамындағы Солтүстік Ирландия мәселесі.

Давид Сассоли, Еуропарламент президенті:

- Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу келісімін жүзеге асыруда өзара сенімнің болуы маңызды. Лондон былтыр қол қойылған міндеттемелерін орындайды деп сенеміз. Әсіресе Солтүстік Ирландия азаматтарының құқықтарына байланысты мәселе.

Хабар 24 телеарнасы