420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекиядағы босқындар лагерінде тағы да өрт шықты

  • 82
  • UPD: 09:41, 10.09.2020
Грекиядағы босқындар лагерінде тағы да өрт шықты

Грекияның Лесбос аралындағы мигранттар мекендеген Мория лагерінде тағы да өрт шықты.

Тілсіз жау шамамен 13 мың босқынды баспанасыз қалдырды. Иістен бірнеше адам уланып, ауруханаға түскен. Мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.Тергеушілер өрттің бірнеше шығу себебін қарастырып жатыр. Лагерьде шамадан тыс адам саны қоныстанған.

Айта кетейік, бұл – лагерьдегі осы аптада болған екінші өрт оқиғасы. Жуырда 35 мигранттан коронавирус індеті табылған соң аймақ карантинге жабылған болатын. Ал таяуда 4000-ға жуық кірме Митилини қаласының портында кемеге отырып, аймақтан қашпақ болғанда тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түсіп, ісін жүзеге асыра алмаған болатын. Тәртіпсіздік орнатқандарды полиция көз жасаурататын газбен таратқан. Енді жергілікті билік апат орын алған жерді жауып, келімсектерді орналастыратын жер қарастыруда. Тәртіп сақшылары мигранттардың жақын маңдағы елді мекендерге көшіп кетпеуін жіті қадағалап отыр.

Роло Мигрант, тұрғын:

- Бәріміз ұйықтап жатқан едік. Бір кезде өрт басталғанын естіп, заттарымызды жинап, жан-жаққа бытырап қаша жөнелдік. Тәртіп сақшылары мен өрт сөндірушілер лагерь түгел отқа оранғанда бір-ақ келді. Барар жеріміз жоқ. Бірде-бір ұйым немесе агенттік бізге көмек көрсетіп жатқан жоқ. Не істерімізді білмейміз.

Хабар 24 телеарнасы