420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Амазония орманындағы өрт өршіп тұр

  • 99
Амазония орманындағы өрт өршіп тұр

Бразилиядағы Амазония орманы дес бермей тұр.

Бір аптаның ішінде 8300-ден астам өрт ошағы тұтанған. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай соңғы 10 жылда болмаған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда артық көрсеткіш. Апаттан орман жануарлары да қырылып жатыр. Өрттен шыққан қою қара түтін жақын маңдағы елді мекендерге де қауіп төндіріп тұр. Дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін деп дабыл қағады.

Мэтт Файнер, «Америкалық орманды құтқару» қорының маманы:

- Орман өртінің 1/4 Амазонияда тіркелді. Табиғи қорықтар апаттың зардабын тартып отыр. Амазония орманының фаунасы мен флорасына айтарлықтай зиян келді. Табиғи түр-түсі де жойылып барады.

Хабар 24 телеарнасы