426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания билігі жаңа шектеу шараларын енгізді

  • 133
  • UPD: 14:53, 10.09.2020

Ұлыбритания билігі жаңа шектеу шараларын енгізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп. Енді дүйсенбіден бастап тұрғындарға 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Қазір Біріккен Корольдікте бір тәулікте 2,5 мыңға жуық адамнан COVID-19 диагнозы анықталуда. Науқастардың басым бөлігі – жастар. Мамандардың айтуынша, олар санитарлық нормаларды сақтамайды. Бұған қоса елде мектептер мен университеттердің ашылуы жағдайды одан бетер ушықтыра түскен.  

Хабар 24 телеарнасы