426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19-дан сауыққан балалардан қауіпті мультисимптомдық синдром анықталған

  • 159
  • UPD: 15:04, 10.09.2020
COVID-19-дан сауыққан балалардан қауіпті мультисимптомдық синдром анықталған

Коронавирустан жазылған 662 балаға зерттеу жүргізіліп, олардан қауіпті мультисимптомдық синдром (MIS-C) анықталды.

Пенсильвания университетінің бір топ ғалымы және олардың Хьюстондағы Техас балалар ауруханасындағы әріптестері жаңа синдром өмір бойы бақылауды қажет ететінін болжады, деп жазды sterlegrad.ru.

«Бұл – балаларда болатын SARS-CoV-2-мен байланысты жаңа ауру. Балаларда COVID-19-дың белгілері байқалмауы мүмкін (жөтел, тамақ ауруы, ентігу, иіс сезудің жоғалуы). MIS-C қабыну синдромы өлімге әкелуі мүмкін, себебі ол бірден бірнеше мүшеге әсер етеді. Оның ішінде жүрек, өкпе, асқазан-ішек жолдары және жүйке жүйесіне байланысты көріністері бар», - деді зерттеу авторларының бірі Альваро Морейр.

Бақылау нәтижелерін медицина ғалымдары «The Lancet» журналына жариялады.  

Жарияланған ақпаратқа сәйкес 15.01-25.07 аралығында коронавируспен ауырған 662 баланың көпшілігінде жүрек-қан тамырлары жүйесінде қиындықтар болған.

Дәрігердің айтуынша, мультисимптомдық синдром белгілері:

– ісіну;

–  диарея;

–  бөртпе;

–  конъюнктивит;

– лимфа түйіндерінің ісінуі.

Хабар 24 телеарнасы