420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Англияда мектеп автобусы көпірге соғылды

  • 71
  • UPD: 16:15, 10.09.2020
Англияда мектеп автобусы көпірге соғылды

Англияның оңтүстігіндегі Хэмпширде болған жол апатынан бірнеше оқушы жарақат алды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады аймақтық жол полициясы.

Қазіргі уақытта оқиға болған жол жабылды.

Оқиға орнына өрт сөндіру бригадалары, дәрігерлер мен жедел жәрдем тікұшағы келді. Зардап шеккендерге сол жерде көмек көрсетілді. Балалардың ата-аналарына оқиға туралы хабарланды.

Хабар 24 телеарнасы