420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда электронды маска шықты

  • 138
Оңтүстік Кореяда электронды маска шықты

Ақылды бетперденің өзгелерден ерекшелігі – ауа тазартқышын ауыстырып отыруға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батарея орнатылған фильтр адам терісін тітіркендірмейді. Әрі көзілдірік тағатындарға ыңғайлы. Яғни адамның тыныс алуы жеңілдеп, көзілдірігі терлемейді. Инновациялық масканы күніне 8 сағат қуаттандырмай тағуға мүмкіндік бар. Ал ультракүлгін сәулесі бар қапшығы вирусты жоя алады екен. Өндіруші компания ақылды маска жақын арада сатылымға шығатынын айтып отыр.  

Хабар 24 телеарнасы